©Pixabay.com

Олимпиадада спортшылар қолтырауындар бар өзенде сынға түсуі мүмкін

Аустралияның Квинсленд штатындағы қолтырауындар мекендейтін Фицрой өзені 2032 жылғы Олимпиада ойындары кезінде байдарка мен каноэ жарыстарын өткізуге ресми түрде мақұлданды. Бұл туралы The Australian басылымы хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Олимпиадалық инфрақұрылым құрылысына жауапты ұлттық агенттік өзеннің техникалық талаптарға толық сай екенін растаған. Осылайша Фицрой өзенінде ескек есу спортынан маңызды жарыстар өтуі мүмкін.

Квинсленд штатының премьер-министрі Дэвид Крисафулли қауіпсіздік мақсатында өзендегі қолтырауындар мәселесі шешілетінін мәлімдеді. Бұған дейін халықаралық федерация бұл орынды қауіпті әрі жарыс өткізуге жарамсыз деп санаған еді.

Айта кетейік, Фицрой өзенінде бірнеше жыл бойы Аустралияның ұлттық құрамасы мен университеттік командалар жаттығып келеді.