Жаңалықтар

Олимпиадада әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар – Мырзағали Айтжанов

Олимпиадада әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар – Мырзағали Айтжанов
Фото: ҚР ҰОК 26.07.2024 18:38 717

Кеше бокстан Париж Олимпиадасының жеребесі тартылып, қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. Осы орайда ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Olympic.kz сайтына берген сұхбатында жеребе тарту рәсіміне қатысты шағын пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетелік, жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшыларға қарымды қарсыластар түсті.

Ал бірнеше боксшымыз бірінші айналымнан сүрінбей өтер болса, өз салмақтарындағы әлем үздіктерімен кездесуі мүмкін. 

Бұл – Олимпиада ойындары. Әрбір қарсылас іріктеліп, үлкен дайындықпен келген. Оңай қарсылас жоқ. Сол себепті, әрбір жекпе-жек біз үшін финалға пара-пар. Біз екінші, үшінші кездесу қиын болады деп қарастырмаймыз. Бір бірінші жекпе-жектен бастап тас түйін дайын шығамыз, - деді бас бапкер. 

Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасындағы бокс жеребесі төмендегідей тартылды: 

51 келі: Сәкен Бибосынов – Самет Кумуш (Түркия)

57 келі: Махмұд Сабырхан – Хосе  Кильес (Испания)

63,5 келі: Мұхамедсабыр Базарбайұлы – Ойер Ибаррече Конде (Испания)

71 келі: Асланбек Шымбергенов – Зияд Ишиаш (Иордания)

80 келі: Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Австралия)

92 келі: Айбек Оралбай - Олайтан Адам Олаор (Нигерия)

+92 келі:  Қамшыбек Қоңқабаев -  Гадфа Дрисси (Испания)

Қазақстандық боксшылар арасынан алғаш болып шаршы алаңға Мұхамедсабыр Базарбайұлы шығады. Оның бірінші кездесуі 27 шілдеге жоспарланған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға