Жаңалықтар

Олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы әлем чемпионатында ұтылып қалды

Олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы әлем чемпионатында ұтылып қалды
Фото: Ijf.org 24.05.2024 06:34 774

Дзюдодан Аби-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында чехиялық Лукаш Крпалек қола жүлде үшін күресте есе жіберіп, бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олимпиада Ойындарының екі дүркін чемпионы Лукаш Крпалек әлем чемпионатында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Темірлан Башаевпен белдесіп, жүлдеден тыс қалды. +100 келіде күрескен ол жартылай финалға дейін жеткен болатын. Алайда финалға шығар тұста Оңтүстік Корея өкілінен айласын асыра алмады. 

Чех дзюдошысы 2014 және 2019 жылы әлем чемпионы атанған. Былтыр Дохада өткен дүниежүзілік біріншілікте -100 келіде күміс жүлдеге тұрақтаған болатын. 

Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 18-ші орынға тұрақтап отыр. Бұл тізімде көш басына жапондар шықса, екінші орында Грузия, үшінші сатыда Оңтүстік Корея құрамасы тұр. Сондай-ақ, 
Әзірбайжандар 4-ші, Өзбекстан құрамасы 11, Қырғызстан 20-сы орынға тұрақтады.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан 48 келіде Абиба Әбужақынова қола жүлдегер атанған еді. Сонымен бірге, Елдос Сметов қола үшін күресіп, жапон балуанынан ұтылды. Өзге спортшыларымыз іріктеу кезеңдерінде есе жіберіп, дүниежүзілік біріншіліктің жүлдесінен тыс қалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға