Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жерлестері қалай күтіп алатыны белгілі болды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жерлестері қалай күтіп алатыны белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК 04.08.2024 23:40 846

Париж Олимпиадасының чемпионы, дзюдодан Қазақстан қоржынына тұңғыш алтынды сыйлаған Елдос Сметовті жерлестері ертең 5 тамызда салтанатты түрде күтіп алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысы әкімдігіндегілер чемпионды күтіп алу шарасы Тараз қаласының шығыс аркасынан бастау алып, содан кейін Жамбыл даңғылы, Ыбырайым Сүлейменов көшелерінде төрт жылдықтың басты додасында топ жарған жамбылдық жампозды ұлықтау мақсатында шеру ұйымдастырылатынын айтты. Бұдан соң Орталық стадионда өтетін салтанатты шара барысында «Алашұлы» тобы,  АДАМ, Тұрар, Kalifarniya, және Ернар Айдар секілді эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.

Іс-шараның негізгі бөлігі 5-ші тамыз күні сағат 18:00-де Орталық стадионда басталады.

Еске салсақ, 27 шілдеде Елдос Сметов Парижде жеңіске жетіп, дзюдодан еліміздің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы болды. Сол күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимпиада шыңын бағындыруымен құттықтады. Кейін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев чемпионның шаңырағына барып, ата-анасына  құрмет көрсетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға