Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин спорттағы мансабын аяқтады
20.09.2022 22:02
Фото:
ticketon.kz
2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландиннің кәсіби мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.
Алматы тумасы Кореяның Инчхон қаласында өткен 2014 жылғы Азиаданың үш дүркін чемпионы және Кванджу қаласындағы 2015 жылғы универсиада жеңімпазы.
Осы жылдың қыркүйегінде қазақстандық жүзгіш үйленген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

