«Олимп» букмекерлік кеңсесінің бұрынғы басшысына іздеу жарияланды
Фото: falp.kz
Фото: falp.kz
26.12.2022 21:29
881
Ресей ішкі істер министрлігі кәсіпкер Дмитрий Давыдовке іздеу салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Interfax.ru сайтының мәліметінше, 16 желтоқсанда Әділет министрлігі оны шетел агенті ретінде таныған.
Давыдовтың дерегі бар карточка 26 желтоқсанда министрліктің іздеу базасында пайда болған. Онда кәсіпкердің қай бап бойынша ізделіп жатқаны көрсетілмеген.
Давыдов 1981 жылы Қазақ КСР-да дүниеге келген.
БАҚ мәліметінше, Давыдов «Олимп» букмекерлік фирмасының тең иесі болған. Ол істің фигуранттары заңсыз әрекетпен айналысқан. Бұдан бөлек, кәсіпкер «Ресейді дамытудың 20 идеясы» авторлық жобасын жасады деген күдікке ілінген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Батыс Қазақстанда 49 елдімекен таратылуы мүмкін