Жаңалықтар

Олигарх Балушкин 230 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Олигарх Балушкин 230 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: facebook.com/bipek.kz 03.05.2023 18:02 863

Қаржылық мониторинг агенттігі «Азия-Бипэк АВТО» директорлар кеңесінің төрағасы Анатолий Балушкинге, «Азия АВТО» АҚ бас директоры Ерик Сағымбаевқа және компаниялар тобының топ-менеджерлеріне қатысты 230 млрд теңгеден астам қаржының ұрлануы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақшалай қаражатты А.М. Балушкин мен Е. Е. Сағымбаев банктік қарыздарды өтеуден және бюджетке салық төлеуден жалтару мақсатында жымқырған. Сонымен қатар ұрланған ақша өндірісті 50% локализациялау шартымен автокөлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру зауытын салуға арналған болатын», - делінген ҚМА баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ақша қаражатын алу банктегі кепілдегі тауарларды бақылаудағы компанияларға қайта ресімдеу, сондай-ақ «Азия-Бипэк АВТО» компаниялар тобының қызметкерлеріне жалған сыйлықақылар беру және БАӘ компаниясымен жалған келісімшарт жасасу арқылы жүзеге асырылды.

«Қаулыны жариялауға және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу үшін күдіктілер Балушкин мен Сағымбаевқа 2023 жылғы 5 мамырға дейінгі мерзімде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік ғимаратына келу қажет», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін күдікті А.Балушкинді биылғы 10 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігі жауап алу үшін шақырған  болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға