Жаңалықтар

Ольга Рыпакова кәсіби спорттан кетті

Олимпиада чемпионы жанкүйерлеріне алғысын білдірді
Ольга Рыпакова кәсіби спорттан кетті
Фото: qazathletics.kz 13.02.2023 00:22 2327

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби мәнсабын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz Жеңіл атлетика Федерациясының баспасөз қызметіне cілтеме жасап.

Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіби спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын, - деді Ольга Рыпакова.

Спорттан кететінін ол Астанада өткен жеңіл атлетикадан жабық жайдағы Х Азия Чемпионатында айтқан.

Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін ҚР Премьер-Министрі спортшыға алғысхат жолдады.

Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз, - делінген Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жолдаған алғысхатта.

Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға