Жаңалықтар

Оле-оле-оле, Бразилия, алға!

Бразилия құрамасы футболдан 5 дүркін Әлем чемпионы атанған
Оле-оле-оле, Бразилия, алға!
Фото: football.ua 04.11.2022 19:36 3426

Бразилия - футболдан 5 дүркін Әлем чемпионы атанған жылғыс құрама команда. Иә 1958, 1962, 1970, 1994, 2002 жылы үздік екенін дәлелдеді. Бүгінде бразиялықтардың 10 мыңға жуық тұрғыны футболды кәсіби өнер ретінде бағалап, шеберлегін шыңдап жүр. Қатардағы Әлем чемпионаты қарсаңында Бразилияның футболы мен Қазақстанның жасөспірімдер футболының дамуы туралы арнайы тоқталуды жөн көрдік.
 
Футбол өнері, футболшылар туралы документалдық және көркем фильмдер көптен түсірілді. Бразиялықтар жақсы өмірге ұмтылып, өмірін басқа арнаға бұру үшін футболмен кәсіби айналысуға мән береді. Сондықтан бұл елде бәсекелестік өте жоғары. Екінші жағы, футболды ұлттық спорт түріне жатқызады. Жағалауда да, көшеде де, қалада да, далад да футбол ойнау дәстүрі қалыптасқан. Олардың футболын ерекшелейтін құбылыстың бірі – ұлттық биі джингоны футболмен элекменттерімен дамытқан.

Мәселен, Роналдиньо мен Неймардың алаңдағы үздік финттері мен әрекетін көріп, құтты ұлттық биінде билеп жүргендей әсер аласыз. Джинго биі футбол барысында көбінесе доппен алдап өту тәсілінде қолданалады. Әрі жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Мысалы, The Ronaldinho Хокус покус атты қимылы әлемге әйгілі десек болады. Ауада топты игеруде бразиялықтарға жететін футболшы сирек.

Біздің елдің мыңдаған футбол сүйер жанкүйері бразилиялықтардың ойын өрнегіне қызығатыны рас. Естеріңізде болар, 2007 жылы экс-Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бразилияға жасаған іссапары кезінде жасөспірімдерді «футбол Меккесі» атанған елге жіберу туралы келісімге келген-ді.

Даңқты футболшылардың «фабрикасы» атанған Бразилияда футболдың қыр-cырын меңгеруге мүмкіндік ашылып, «Оле Бразил» деп аталатын жоба аясында «Ботафого» клубының Академиясында қазақ жастары шеберлігін арттырды. Жобаның сапасы туралы әңгіме бөлек.

Айтайын дегенім, әлем елдерінің мыңдаған жастары Бразиялияда доп тебу өнерін үйреніп, шебер ойыншы болғысы келеді. Біздің елдің жатары мұндай мүмкіндікке ие болды.

Бүгінде Қазақстанда футзал футболы дамып келеді. Оған «Қайрат» командасы мен Ұлттық құрамасының жетістігі дәлел бола алады. Биыл Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасы аясында Әзербайжан, Словакия, Беларусьпен сәтті өнер көрсетіп, өз тобында бірінші орынмен шығып, бәрімізді қуантты.

Мұның бәрі жастардың футболға деген қызығушылығын арттырып, футбол алаңына көптеп баруына септігі тиюде.
Қатардағы Әлем чемпионатына келетін болсақ, өз басым Бразилияға жанкүйерлік етемін.
Алға, Бразилия!
Жеңіс күтемін! 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға