Жаңалықтар

«Олар бөлек тұрады». Қайрат Нұртастың інісінің тойында Жұлдыз бой көрсетпеді

«Олар бөлек тұрады». Қайрат Нұртастың інісінің тойында Жұлдыз бой көрсетпеді
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial 13.11.2023 11:19 2202

Елге есімі белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі Заңғар өткен жексенбіде үйлену тойын өткізді. Бірақ тойға жеңгесі Жұлдыз Әбдікәрімова қатысқан жоқ, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Оңтүстік астанадағы танымал мейрамханалардың бірінде өткен тойға шоу-бизнес әлеміндегі жұлдыздар жиналды. Келіннің бетін айтыскер Жандарбек Бұлғақов ашты. Тойда Қайрат Нұртас та ән салып, қонақтар көңілін көтерді, бірақ әлеуметтік желілерде таралған видеода әйелі Жұлдыз мүлде көрінбейді.

«Жұлдыздікі дұрыс болмапты, реніштің бәрін жинап, келуі керек еді», «Неге тойда Жұлдыз бен балалары жоқ? Қайрат жалғыз жүр», «Жұлдыз келмесе, Қайраттың басқа әйелі бар болған ғой», «Өзі келмесе де, балаларды жіберу керек еді», «Жұлдыз ешбір тойына барған жоқ» «Айттым ғой, Жұлдыз бен Қайрат екі бөлек тұрады. Тек Қайраттың өзі араласады» дейді желі қолданушылары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға