© Getty IMAGES

Одри Хепберннің көйлегі 133 млн теңгеге сатылмақ

09.08.2023 08:27

Британиялық актриса киген Givenchy-дің көйлегі аукционда 133 миллион теңгеден астам қаржыға сатылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Британ актрисасы Одри Хепберн бұл алқызыл түсті көйлекті «Завтрак у Тиффани» фильмінде киген. Енді сол киім Julien's Auctions аукционында сатылымға қойылды. Бұл туралы Австралияның Harper's Bazaar басылымы хабарлады.

Көйлек жібектен тігілген. Мамандар оның бағасы 300 мың доллардан кем болмайды деп топшылайды.