Жаңалықтар

Облыстық ҚХА жанындағы журналистер Клубының отырысы

Облыстық ҚХА жанындағы журналистер Клубының отырысы
07.02.2018 05:24 1660

2018 жылғы 6 ақпан  күні Достық үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастыруымен Атырау облысы ҚХА жанынан құралған этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар Клубы мүшелерінің  биылғы жылғы  алғашқы отырысы өтті.

Отырысқа  Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Г.Шәкірова, облыстық қоғамдық –саяси басылымдардағы «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары, аға буын ардагер тілшілер,  Журналистер клубының төрағасы мен мүшелері, барлығы 15 адам қатысты.

Модератор облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлмира Шәкірова іс-шараны ашып, мемлекеттік саясатты насихаттау барысында бұқаралық ақпарат құралдардың рөлі зор екендігін және ақпаратты беру және тарату әдістерін сапалы болу үшін  этникалық  БАҚ-тың форматын өзгерту қажет деді.

Сондай –ақ,  отырыстың  жүргізу тәртібі бойынша   қатысушылар алқасына сөз беріліп, әрбір қатысушы өз пікірлерімен алмасты.

Күн тәртібінде екі мәселе талқыланды.

-  Атырау облысы ҚХА жанынан құралған этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар Клуб мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіліп, жаңа құрамын бекіту;       

- Журналистер клубының 2018 жылға арналған  жоспар жобасымен  таныстыру, талқылау.

Отырыстың соңында модератор Г.Шәкірова осы реттегі этносаралық тақырыптарда өткізілген іс-шараның қорытындысын жариялап, журналистерге өздерінің шығармашылық ізденістерін арттыра беру туралы тілек білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға