ОАР-да ғимарат өртеніп, 73 адам көз жұмды
Оңтүстік Африка Республикасының астанасы Йоханнесбургтегі Гаутенг провинциясында бес қабатты үйден өрт шығып, салдарынан 73 адам, оның ішінде 13 бала қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
CNN мәліметінше, қараусыз қалған ғимарат бір кездері іскерлік орталық болған, ал қазір қолайсыз ауданның аумағында қалған. Бұл жерді негізінен баспанасы жоқ адамдар мекендейді екен. Ал олардың саны 100-ден асады.
Қаланың төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Роберт Мулауджидің айтуынша, қаза тапқандардан бөлек тағы 50-ден астам адам жарақат алған. Жергілікті өрт сөндірушілердің бастығы қызметінің 20 жылында мұндайды көрмегенін айтты.
Өрттің себебі белгісіз. Өрт жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 1:30 шамасында, ғимарат ішінде адамдардың басым бөлігі ұйықтап жатқанда басталған.
Оңтүстік Африка президенті Кирилл Рамафоса мұны трагедия деп атады.