Жаңалықтар

Оқушылар қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі

Қазіргі уақытта Қазақстанның 7386 мектебінде бейнебақылау жүргізіледі.
Оқушылар қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
Фото: Polisia.kz 24.08.2022 00:34 1028

Оқу жылы қарсаңында балалардың қауіпсіздігі қалай қорғалатындығы туралы Ішкі істер министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің басшылары талқылады, деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлердің кездесуіне онлайн режимде облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім басқармаларының және өңірлердегі полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты.

Ведомство басшылары елордалық жедел басқару орталығында болды.

Мұнда оқу-ағарту министріне мектептерде орнатылған камералар мен «дабыл түймелерінің» мүмкіндіктері көрсетілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 7386 мектебінде бейнебақылау жүргізіледі.

Стационарлық «дабыл түймелері» еліміздің 3514 мектебінде, «мобильді түймелер» 1212 мектепте орнатылған. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімдіктерге өңірлердегі полицейлермен бірлесіп, балалар мен педагогтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырма берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға