Жаңалықтар

Оқушылар Ассамблеяның жұмысымен танысты

Оқушылар Ассамблеяның жұмысымен танысты
10.04.2018 11:25 1595

10 сәуір күні Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Махмұт Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – біздің өміріміз және тағдырымыз» атты мерелік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шара сонымен қатар, облысымыздағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына байланысты  аталып отыр.

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған іс-шараға № 34 мектебінің мұғалімдері мен оқушылары, «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері және БАҚ өкілдері шақырылды.

Елімізде 130-ға жуық этнос болса, соның 76-сы Жамбыл облысында тұрады. Олардың барлығы 26 этномәдени бірлестікте бас қосып, Қазақстандағы бірлік пен татулықтың ерен үлгісін  көрсетуде. Ынтымаққа негізделген ассамблеяның жұмысы жастарға үлгі. Осы мақсатта бүгін Достық үйінде ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күнінде №34 орта мектептің оқушылары Достық үйінің жұмысымен танысты. Үш қабаттан тұратын   заманауи ғимарат Қазақтың киелі киіз үйі іспеттес жасалынған. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің жеке жұмыс бөлмелері, мәжіліс залдары бар.

ҰЭМБ төрайымы Тұрдыева Мухаббаттың айтуынша:

«Республика бойынша 250 мыңдай ұйғыр болса, соның 3 мыңы Жамбыл облысында тұрады . Олардың барлығы Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінде мүше. Биыл осы бірлестіктің құрылғанына 25 жыл болды. 

Жамбыл облысында тұратын ұйғыр халқы музыкамен, қолөнермен және тілдерін дамытумен айналысады. Бұның барлығы Елбасының дана саясатының арқасы деп білеміз. Айта кетерлігі, атқарылған іс-шара ағайынды халықтардың достығы мен бірлігін бекітіп, серіктестікті кеңейту мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында  балаларға Қазақстан халқының 25 жылда жеткен жетістіктері мен оған этномәдени орталықтардың қосқан үлесі айтылды.  Сонымен бірге, ұйғырлардың ұлттық салт-дәстүрлері мен музыкалық аспаптары  таныстырылды.  Этносаралық достастықты бейнелейтін  арнайы әзірленген  бейнероликтің мазмұны терең болды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға