Жаңалықтар

Оқу-ағарту министрлігінің «Ұстазыңды құттықта!» байқауы мәресіне жетті

Асхат Аймағамбетов жеңімпаздарды құттықтап, оқуда және шығармашылықта табыс тіледі 
Оқу-ағарту министрлігінің «Ұстазыңды құттықта!» байқауы мәресіне жетті
Фото: pixabay.com 17.10.2022 12:01 1540

Кәсіби мереке – Мұғалімдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұстазыңды құттықта!» байқауының жеңімпаздары кітаптар, компьютер, проектор, фотосессияға сертификат және басқа да естелік сыйлықтарға ие болды, деп хабарлайды El.kz. 

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. 

Бұған дейін байқау жеңімпаздарының есімдері белгілі болғаны хабарланды. Олар Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Обаған жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушылары, Талдықорған қаласы №4 орта мектебінің 11 «Б» сынып оқушылары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің 8 «А» сынып оқушылары болды.

Байқау жеңімпаздарына Оқу-ағарту министрлігі атынан естелік сыйлықтар табыс етілді. Бейнеролик арқылы ұстаздарын кәсіби мерекемен ерекше құттықтаған Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы Обаған орта мектебінің 4-сынып оқушылары сыныпқа қажетті кітаптар, жаңа компьютер және проектор алды.

Талдықорған қаласындағы №4 орта мектептің 11 «Б» сынып оқушылары түлектерге арналған фотосессияға сертификат пен картина сыйлыққа алды.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің 8 «А» сынып оқушыларына көркем кітаптар мен сыныпты қажетті оқу құралдарымен жабдықтауға ақшалай қаражат берілді.

Оқу-ағарту министрлігі жеңімпаздарды құттықтап, оқуда және шығармашылықта табыс тілейді!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға