malim.kz

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды

31.08.2022 15:42

Мемлекет басшысының Жарлығымен Оңдасын Сейілұлы Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент аймақ басшысы қызметіндегі көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ осы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.