Жаңалықтар

Қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы үкіметке ұсынылды

Қоғамдық кеңестер туралы заң жобасы үкіметке ұсынылды
27.09.2019 17:17 2346

Жалпыұлттық диалогты жолға қою мәселесі сөз етілген Алматы қаласында өткен "Қоғамдық келісім кеңесінің қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартудағы рөлі" форумында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице министрі Данияр Есин Ассамблеяның бүгінгі таңда еліміздің саяси жүйесінің толыққанды бөлігіне айналғанын айтты.

«Мемлекет және азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруда Ассамблеяның орны ерекше. Өздеріңізге белгілі, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 99-қадамын іске асыру мақсатында қоғамдық кеңестер институты құрылды. Осы мақсатта бүгінде ел аумағында 233 қоғамдық келісім жұмыс жасайды. Үш жыл ішінде қоғамдық бақылау әртараптандырылып, түрлі салаларға енгізілді. Сондай-ақ, бүгінде кез-келген мемлекеттік мекеме қабылдайтын нормативті-құқықтық актілер қоғамдық кеңестердің келісімі арқылы ғана жүзеге асырылады», - деген Данияр Есин түрлі деңгейдегі қоғамдық кеңестерде 340 қоғамдық тыңдау өткізілгенін баяндады. 

2018 жылы үкіметке қоғамдық кеңес туралы Ұлттық баяндама енгізілген болатын. Бұл тәжірибе негізінде қолданыстағы құқықтық базаны жетілдіріп, Кеңес туралы типтік ережеге өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Қоғамдық кеңестер туралы заң жобасында қоғамдық кеңестерді кейбір жағдайда қаржыландыру және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, Кеңестің жұмыс тобын құруда оның басшылығын азаматтық қоғам өкілдігінен сайлау, және қоғамдық кеңеске «мемлекет пен азаматтық мемлекеттің өзара байланысы саласындағы өкілетті органы» ұғымын бекіту, қоғамдық кеңес құрамын әкімдердің ұсынуымен мәслихатта бекіту, қоғамдық бақылау үрдісін заңнамалық актілермен регламенттеу және өзге де мәселелер қарастырылған. Данияр Есиннің айтуынша, заң жобасы Үкімет қарауында, қараша айында Мәжіліске ұсынылатын болады.

«Жалпы, қоғамдық кеңес жұмыстарына қарап, азаматтық қоғамның ой-пікірін білдіретін шынайы қоғамдық диалог құрылды деп ауыз толтырып айтуға болады. Қоғамдық кеңестер мемлекеттік мекемелермен қабылданатын шешімдерге ықпал етуші пәрменді механизмге айналды», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице министрі Данияр Есин.

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.


Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға