Жаңалықтар

Нью-Йорк әлемде ауа сапасы ең нашар қала атанды

Нью-Йорк әлемде ауа сапасы ең нашар қала атанды
Фото: ©AP/Alyssa GOODMAN 08.06.2023 16:13 1154

Нью-Йорк Канаданың орман өртінен түтін жиналуына байланысты әлемдегі ең нашар ауа сапасы бойынша ірі қалалар арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

NBS News мәліметінше, Канададағы дала өртінің түтіні АҚШ-тың шығыс бөлігінің көп бөлігін жамылып, ауаның өткір иісі аспанды қызғылт сары түске айналдырған. Муниципалды билік 16 штаттағы 128 млн-ға жуық адамға орман өрті салдарынан ауа сапасының нашарлайтынын ескертіп, үйден шықпауға кеңес берді.

Сәрсенбіде Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хочул штаттың көп бөлігіне әсер еткен дала өртінің түтінін «денсаулық пен қоршаған орта дағдарысы» деп атады. Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, Нью-Йорк штатының негізгі аудандарында ауадағы зиянды заттардың жоғары концентрациясы бейсенбіге дейін сақталады. Нью-Йорк билігі қалада әдеттегі ауа сапасының индексі - шамамен 50, ал сәрсенбіде Бруклин округтерінде - 413, Квинсте - 407 болғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Вашингтон (Колумбия округі), Бостонда (Массачусетс) ауа сапасы нашарлаған, ал Филадельфия қаласында (Пенсильвания) тіпті қауіптің «қызыл коды» енгізілген. Ресми мәліметке сәйкес, сәрсенбіде бүкіл ел бойынша 414 орман өрті салдарынан бірқатар елді мекендерден 20 мыңнан астам адам эвакуацияланған.

Биыл Канада бойынша 2200-ден астам орман өрті тұтанып, шамамен 3,8 млн га орман өртенді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға