Нью-Делиде Қазақстан мен Қытайдың Қорғаныс министрлері кездесті
28.04.2023 13:35
Фото:
ҚР ҚМ баспасөз қызметі
Қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қытай Халық-азаттық армиясының Қорғаныс министрі, генерал-полковник Ли Шанфумен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ведомство мәліметінше, тараптар екіжақты әскери ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылаған.
Үндістан астанасы Нью-Делиге Қазақстан Қорғаныс министрі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кезекті кеңесіне қатысуға барған болатын.

