Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Нышан Өмірәлі - паратаэквондодан Азия Ойындарының күміс жүлдегері

25.10.2023 18:16

Ханчжоуда өтіп жатқан IV Азия пара ойындарында қазақстандық спортшы Нышан Өмірәлі қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Отандасымыз 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (К44) өнер көрсеткен болатын. Нышан Өмірәлі паратаэквондодан финалға шыққан еді. Алайда жауапты белдесуде ол Ираннан келген спортшыға есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. 

Бірнеше күннен бері өтіп жатқан аспанасты еліндегі Пара Азия Ойындарында қазақстандық атлеттер 5 алтын медаль иеленді. Сонымен қатар, бірнеше спортшы сары құрлық ойындарының жүлдесін тағынды.