Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасы туралы айтты
03.04.2024 20:47
Фото:
Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысындағы Сазды су қоймасының жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су қоймасының жалпы сыйымдылығы 7,5 млн текше метр. Осы сағатқа су жіберу көлемі секундына 60-тан 40 текше метрге дейін төмендеген.
Ақтөбе облысының ерекшелігі - Ақтөбе, Қарғалы және Сазды су қоймалары қала шегінде Елек өзеніне қосылады. Сондықтан барлық үш су қойманың жұмысын үйлестіру қажет. Бүгінгі таңда Ақтөбе су қоймасы транзиттік режимде, Қарғалы су қоймасы су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр. Ал, Сазды су қоймасы секундына 40 текше метр су жіберуде, - деді Нұржан Нұржігітов.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

