Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы өртке байланысты көңіл айтты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
12.06.2023 11:43
1476
Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Абай облысындағы ауқымды өрт салдарынан орман шаруашылығының бірқатар жұмысшыларының қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.
Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін.
Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жол апатынан өлім-жітім ең көп тіркелетін өңірлер аталды
Келесі жаңалық
Украина төңірегіндегі жағдай: Бектенов шұғыл жиын өткізді