ҚР ҰОК

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

14.09.2025 21:50

Нұрқожа Қайпанов еркін күрестен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық балуан әлем біріншілігінде 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қола үшін өткен белдесуде Нұрқожа Молдова өкілі Василий Дьяконнан басым түсті.

Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатында Асылжан Есенгелді (61 келіге дейін) үшінші орын алған болатын.