uww.org

Нұрқожа Қайпанов әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті

Хорватияда күрес түрлерінен басталған әлем чемпионатында Нұрқожа Қайпанов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Еркін күрестен 70 келіде бозкілемге шыққан отандасымыз алғашқы айналымда бос болды. Ал екінші кезеңде АҚШ балуанын 11:4 есебімен жеңсе, ширек финалда Мексика өкілін 8:6 нәтижесімен қапы қалдырды.

Енді ол финал жолдамасын Моңғолия балуанымен сарапқа салады. Айта кететін жайт, Нұрқожа Қайпанов екі белдесудің де алғашқы бөлігінде қарсыласынан 4 айырмасымен жеңіліп жатты. Соған қарамастан ол өзінің әдісін нәтижелі түрде іске асырып, жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 61 келіде Асылжан Есенгелді мен 86 келіде Азамат Дәулетбеков ширек финалда есе жіберді. Сондай-ақ, 125 келіде Әлішер Ерғали іріктеу кезеңінде жеңілді.