Жаңалықтар

"Нұрлы жердің" орнына жаңа бағдарлама іске қосылды

Жаңа концепция биыл қыркүйек айында үкімет қаулысымен қабылданған болатын
"Нұрлы жердің" орнына жаңа бағдарлама іске қосылды
Фото: informburo.kz 23.11.2022 14:23 4637

Елімізде тұрғындарды баспанамен қамтудың шарттары біраз өзгеріске ұшырап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа концепция биыл қыркүйек айында үкімет қаулысымен қабылданған болатын. Ол осы уақытқа дейін тұрғын үй құрылысы саласындағы қордаланған біраз проблеманы шешуге сеп болады деп күтілуде. Оның ішіне тозығы жеткен тұрғын үй қорын реконструкциялау , коммуналдық жүйелерді жаңарту, тұрғындардың баспанаға деген сұранысын арттыру мәселелері бар. Әсіресе, әлеуметтік осал топтардың қажеттілігі ерекше ескерілетін болып отыр.

Жаңа жоба бойынша жұмыстарды жүргізу Қазақстан тұрғын үй компаниясына ( бұдан былай ҚТК- ред.) жүктеліп отыр. Бұл концепция өз күшін жойған " Нұрлы жер " бағдарламасының орнын басты және де ол 2026 жылға дейін белгіленген. Оны әзірлеу кезінде шет мемлекеттердің озық тәжірибесі мен осы күнге дейін елімізде іске асқан жемісті жобалар басшылыққа алыныпты. Жаңа бағдарлама негізгі 4 бағытта жұмыс істейтін болады.

Әлеуметтік баспана құрылысын және реновация жобаларын қаржыландыру

Бұл бағыт бойынша Қазақстан тұрғын үй компаниясы жергілікті атқарушы органдарға 4,25 % — бен облигациялық займдар беретін болады. Соның арқасында әкімдік баспаналар тұрғызып, әлеуметтік осал топтарды қамтуға мүмкіндік алғалы отыр.

Қазір Қазақстанда құрылысқа үлескерлікпен қатысу үшін ҚТК — ның кепілдемесіне ие болу керек. Мұндағы басты критерий — компаниялар өздерінің қаржылық тұрақтылығын дәлелдеулері тиіс. Бұл бағыттағы жұмысты жеңілдету үшін қазіргі таңда бірыңғай ақпараттық жүйе жұмыс істеуде.

Қазақстан қалаларында жаңа үйлер салу үшін ҚТК құрылыс компанияларын қаржыландыру шарттарын неғұрлым қолжетімді етпекші. ҚТК құрылыс салушыға қаржылық жүктемені азайта отырып, банктік пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтейді. Өз кезегінде құрылыс компаниясы сатып алушыларға концепцияда белгіленген баға бойынша дайын баспананың кемінде 50 пайызын ұсынуы тиіс. Бұл ретте 1 шаршы метрдің бағасы мынадай болуы шарт:

Алматы, Астана және осы қалалар маңында — 310 мың теңгеден аспауы тиіс;

Шымкент, Атырау және Ақтауда — 260 мың теңгеден жоғары емес;

Басқа өңірлерде — 220 мың теңгеден аспауы керек.

Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы

ҚТК жеке құрылыс салушылардан дайын немесе салынып жатқан тұрғын үйлерді сатып алып, жергілікті атқарушы органдардың кезекте тұрғандарға сатып алуымен жалға береді. Бұл ретте 1 шаршы метрдің құны, сатып алынатын тұрғын үй де жоғарыда көрсетілген шектен аспауы керек. Жалға берілетін тұрғын үйге қажеттілік және республика өңірлерінде кезекте тұрғандар саны туралы ақпаратты ҚТК әкімдіктердер алатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға