Нұрлан Өнербаевқа 37 жылдан кейін «Анашым» әнін айтқызбай қойды
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Нұрлан Өнербаев 37 жыл бойы орындап келген «Анашым» әнін енді шырқамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әншінің айтуынша, бұл шешімге әннің авторы, композитор Марат Омаровтың өтініші себеп болған.
2023 жылы Алматыдағы концертімде “Анашым” әнімен қоштастым. Марат “енді бұл әнді өзім орындаймын” деді. Мен қарсы болмадым. 37 жыл айттым, әрі қарай автордың өз еркі қалдырдым, - деді Нұрлан Өнербаев.
Композитор Марат Омаров өз кезегінде көпшілік бұл әнді Нұрлан Өнербаевтың жеке шығармасы деп қабылдап кеткеніне өкпесін білдірді.
Көп жерде “Анашым” әні Нұрлан Өнербаевтікі деп жазылып жүр. Караокелерде де авторлар көрсетілмейді. Халық осындай керемет туындының шығу тарихын білуі керек, - деді компазитор.
Марат Омаровтың айтуынша, бұл мәселе жеке реніштен емес, шығармашылық әділдік пен авторлық құқықты сақтау ниетінен туындаған.

