Жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев МАЭК-тегі апатты жағдай туралы баяндады

Нұрлан Ноғаев МАЭК-тегі апатты жағдай туралы баяндады
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі 04.07.2023 10:42 1201

Үкімет отырысында МАЭК станциясындағы апатты жағдай туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

МАЭК станциясында электр энергиясын өндіретін үш станция бар. Кеше жылу энергостанциясының бірінші блогының жұмысы тоқтап, салдарынан 133 мВт генерацияға төмендеген.

Тұрмыстық және өндіріс орындарына 113 мВт шектеу қойылды. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде бір сағаттың ішінде тұрғындарға шектеуді алып тастадық. Қазіргі таңда тұрғындарға шектеу жоқ. Бірақ өндіріс орындарында 90 мВт жуық электр энергиясында шектеу бар. Бұл негізінен мұнай компаниялары. Қазіргі таңда Атырауға 40 мВт облыс беріп отыр. Облыста комиссия құрылып, болған ақаудың себебін анықтап және салдарын жою жұмыстарымен айналысамыз, – деді Маңғыстау облысының әкімі.

Сондай-ақ ол қазандық 230 градус температурада жұмыс істейтінін және кеше тоқтатылғаннан бері суытуда тұрғанын, қазір 100 градустың айналысында екенін айтты.

Бүгін түнгі 00:00-ден бастап жөндеу жұмыстарын бастағалы отырмыз. Шілде айының 6-сында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде тұрғындарға электр энергиясына шектеу жоқ. Өндіріс орындарында 90 мВт дейін шектеу бар, – дейді Нұрлан Ноғаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға