Жаңалықтар

Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керегін айтты

Нұрлан имам сәресіне ұйықтап қалғанда не істеу керегін айтты
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz 04.04.2023 18:12 1988

Егер ораза ұстаған адам сәресіне ұйықтап қалса, не істеу керек? Танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді.  Дін өкілі бұл сауалдың жауабын Instagram парақшасында жариялады.

Біз кешке ауыз ашқан кезде, яғни, ауызашар дұғасын оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз. Және кешке ауызашарға «ертеңгі күнге ниет еттім» дегенді қосамыз. Сондықтан, кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда бұл адам ертеңіне ораза боп кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсырақ болады. Яғни, бүгінгі күнге де ниет еттім дейді. Бірақ, сәресін ішпейді ол күні, - деді имам Instagram парақшасында.

Дегенмен Нұрлан қажы Байжігітұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сәресін ішуге шақырғанын алға тартты.

Пайғамбарымыз Мұхаммед сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Яғни, мен тұрып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: Сәресін іше алмай алмай қалса, оразасы жалғаса береді, - деді Нұрлан имам.

Айта кетейік, ораза кезінде тамақтануға қатысты дәрігер кеңес берген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға