Жаңалықтар

Нұрлан Әуесбаев 2019 жылғы сайлауға неге қатыспағанын түсіндірді

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр
Нұрлан Әуесбаев 2019 жылғы сайлауға неге қатыспағанын түсіндірді
Фото: ortcom.kz 11.11.2022 21:40 1788

Бұл туралы Нұрлан Әуесбаев кандидаттардың теледебатында айтты, деп хабарлайды El.kz.

Теледебаттың үшінші кезеңінде кандидат Нұрлан Әуесбаевқа бейнесұрақ қойылды. Сұрақта: «Неге бұған дейінгі президенттік сайлауларға «Ауыл» париясының атынан бірде бір кандидат қатыспады. Ал биыл не себепті қатысам деп шештіңіздер?» делінді.

«Біздің партиямыз барлық саяси науқандарға қатысып жүр. Бірақ 2019 жылы байкот жариялап қатыспаған болатын. Себебі, ол кезде мен бұл партияда болмадым. Дегенмен, партия атынан кандидат ұсынды. Ол кісі қатысудан бас тартқан болатын. Ал 2021 жылғы жағдай да еріксіз байкот жариялауға тура келді. Өйткені, біздің партияны экстремистік бағыттағы сотты болған адамдар пайдаланып, біздің партияның атына зиян келтіруі болғансын және оларды біздің партия енгізіп жіберуі мүмкін болған соң бас тарттық. Егер біз партиямыздың атынан сондай адамдар шыққан соң, партиямызды жауып жіберуі мүмкін болған соң байкот жарияладық. Ал, биыл мені партияның 5 үміткері арасынан ұсынып жатыр», - деді Нұрлан Әуесбаев.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға