Жаңалықтар

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпия ойындарының күміс жүлдесіне ие болды
Фото: t.me/olympickz 05.09.2024 22:17 342

Қазақстандық спортшы Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз финалда SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынады.

«Нұрдәулет Жұмағалиды Париж Паралимпиадасындағы тамаша жетістігімен шын жүректен құттықтаймын! Пара жүзу спортындағы осы күнге дейін жиған тәжірибесі мен шеберлігінің нәтижесінде бүгін Париж төрінде күміс медаль олжалап, әлемдік аренада ел абыройын асқақтатты. Бұл жеңісі арқылы ол елімізде пара спорттың дамуына, оны насихаттауға үлкен үлес қосты. Оның жеңіске деген ерік-жігері баршаға үлгі әрі бәріне жігер береді деп ойлаймын. Болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жанкүйерлерді жарқын жеңісімен қуантатынына сенімдімін»,- деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали үшін бұл Паралимпиада ойындарындағы екінші жүлде. Ол Токиода өткен ойында үшінші орынға ие болған еді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға