Жаңалықтар

Нұрдәулет Оразханов: Бұл сайлау – белсенді азаматтар үшін үлкен мүмкіндік

Осыған дейін 2023 жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауының өтетінін Президент алдын ала жариялаған болатын
Нұрдәулет Оразханов: Бұл сайлау – белсенді азаматтар үшін үлкен мүмкіндік
Фото: vechastana.kz 19.01.2023 18:26 1718

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы жетінші сайланған ҚР Парламентінің Мәжілісін таратып, кезектен тыс сайлау мерзімін 19 наурызға бекіту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Астана қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Нұрдәулет Оразханов пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрдәулет Оразханов Президенттің шешімін толығымен қолдайтынын жеткізді.

Осыған дейін 2023 жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауының өтетінін Президент алдын ала жариялаған болатын. Алдағы уақытта өтетін сайлаулар мемлекетіміздегі трансформациялардың соңғы нүктесі болмақ. Биылғы аралас сайлау жүйесі  біріншіден,  халықтың қамын ойлайтын, ешбір партия құрамына кірмеген белсенді азаматтар үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Екіншіден, саяси партиялар үшін бәсекелестікте тең мүмкіндік тудырады. Бұл дегеніміз, еліміздегі саяси плюрализмді жаңа деңгейге шығарады, – деді Нұрдәулет Амантайұлы.

Оған қоса экс-депутат сайлаулардан кейін қиындықтарды еңсере білетін жаңа құрам құрылады деген ойын білдірді.

Биылғы жыл экономикалық тұрғыдан оңай болмасын білеміз, сондықтан сайлау нәтижесінде жаңа сынақтарға төтеп бере алатын ықпалды Парламент құрылатынына сенімім мол, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға