Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы белгілі болды
04.08.2024 22:00
Фото:
t.me/boxing_kazakhstan
Париж Олимпиадасында финалға жолдама алған қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың шешуші сәттегі қарсыласы белгілі болды. Қазақ спортшысы украиналық былғары қолғап шебері Александр Хижнякпен шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, Нұрбек Оралбай - әлем чемпионы (2023), Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022), жастар арасында әлем чемпионы (2018). Ал оның қарсыласы 28 жастағы Александр Хижняк - Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы (2017), Еуропа Ойындарының жеңімпазы (2019, 2023), Еуропа чемпионы (2017).
80 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын спортшылардың финалдық жекпе-жегі 7 тамыздан 8 тамызға қараған түні сағат 1:51-ге басталады деп жоспарланып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

