Нұрбек Оралбай: Қарсыласым өте мықты, мұнымен тоқтамаймыз
04.08.2024 17:41
Фото:
ҰОК
Бокстан Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегін қысқаша қорытындылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарсыласым өте мықты. Бірінші айналымда Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңген. Ағайларым бұл жекпе-жекке жақсы тактика қойып берді. Соны толық орындап шықтым. Енді мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал, барымызды саламыз. Маған қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз. Екінші раундта нокдаун болуы мүмкін дегендер бар. Нақты білмедім мұны. Әйтеуір, аянып қалғаным жоқ", - деді Нұрбек Оралбай.
Айта кетелік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта өткен жартылай финал жекпе-жегінде доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен ұтты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

