Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензилық турнирде Нұрбек Оралбай алғашқы айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
80 келіде өнер көрсеткен астаналық боксшы Гаити елінің өкілі Кедрик Белони-Дюльепремен шаршы алаңда кездесті. Жекпе-жек басталғаннан тізгінді қолында ұстаған Нұрбек шеберлігін дәлелдеп, еш қиындықсыз келесі айналымға өтті.
Бұған дейін 57 келіде шаршы алаңға шыққан Махмұд Сабырхан жұдырықтасқан болатын. Ол да эфиопиялық қарсыласын еш қиындықсыз жеңген болатын.
Сондай-ақ, жарыстың алғашқы күнінде Сәкен Бибосынов пен Рима Волосенко жеңіске жетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

