Нұралы Әліп «Зениттен» кету туралы ойлағанын айтты
23.02.2024 17:15
Фото:
©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ
«Зенит» пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Санкт-Петербург клубынан кету туралы ойы болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
24 жастағы қазақстандық жеткілікті дәрежеде алаңға шықпай жүргенде ресейлік клубтан кету туралы ойлаған.
«Зениттен» кетуім мүмкін бе еді, айталық, жалға берілуім мүмкін бе еді? Әртүрлі ойлар болды, жасырмаймын, әсіресе алаңға шықпай жүргенде. Әйтеуір күзде мүмкіндік берілді – бұрынғыға қарағанда көбірек ойнадым. Мұны аванс деп қарау керек. Сондықтан көбірек жұмыс істеу қажет, - деді футболшы.
Бұл маусымда қазақстандық «Зенит» сапында 23 матчқа қатысты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

