Жаңалықтар

Нұралы Әліп ата-анасынан айырылған кезін еске алды

Нұралы Әліп ата-анасынан айырылған кезін еске алды
Фото: «Зенит» YouTube-арнасы 16.08.2024 15:08 5576

«Зенит» YouTube-арнасына берген сұхбатында қазақстандық футболшы Нұралы Әліп ата-анасынан айырылған кезін есіне алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаушының сөзінше, әкесінен айырылғанда ол небәрі 10 жаста болған. Сол күні ол үйіне келіп анасынан әкесіне не болғанын сұраған. Әкесі бір аптадан бері ауруханада жатқан екен. Нұралының оған баруға жүрегі дауаламаған.

Әкемді әлсіз адам ретінде көргім келген жоқ. Себебі ол маған үнемі: «Ер азаматсың, ер азамат сияқты жүр» деп айтып отыратын. Әкеме Алматыда операция жасауы керек еді, жолға шығардан бір күн бұрын ол мені жанына шақырып алды. Қолымнан ұстап, маған былай деді: «Бәрі дұрыс, сен ер азаматсың. Ешқашан ештеңеден қорықпа». Бұл сөздерді ешқашан ұмытпаймын, себебі бұл әкемнің маған соңғы айтқан сөздері еді. Сол түні ол ана өмірге аттанып кетті, - деп еске алады футболшы.

Ал араға екі жыл салып аяқдоп шебері анасынан айырылған. 

2012 жылы анам қайтыс болды. Жасым 12-де еді. Үйге қонақтар келе бастады. Мен сол кезде-ақ анамнан көз жазып қалғанымды түсіндім. Құдайдан «Маған мұндай қасіретті не үшін бердің?» деп сұрадым. Таңғы 5-те жаттығуға кетіп қалдым. Өйткені ешкімнің көз жасын көргім келген жоқ. Жаттығуға екі сағат бұрын барып алдым, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға