Новак Джокович теннистен әлем рекордын орнатты
06.09.2023 14:15
Фото:
instagram.com/djokernole
Әлемнің 2-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Н.Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады.
Нью-Йоркта АҚШ ашық чемпионатында сербиялық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет өтіп отыр.
Новак Джокович финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 10-ракеткасы Фрэнсис Тиафо немесе рейтингте 47-орында тұрған Бен Шелтонның біреуімен таласады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

