Новак Джокович мансабындағы 95-титулын жеңіп алды
21.08.2023 06:03
Фото:
Western & Southern Open
Сербиялық теннисші Новак Джокович Цинциннатидегі Masters жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Финалда испаниялық Карлос Алькарасты 5:7, 7:6 (9:7), 7:6 (7:4) есебімен жеңген Новак Джокович мансабындағы 95-титулына қол жеткізіп, Иван Лендлді басып озды.
Енді ол чемпиондық атақ жарысында үшінші орында келеді. Бұл бәсекедн Роджер Федерер 103 титулмен екінші орында, ал Джимми Коннорс бірінші орында тұр - 109.
Сонымен қатар, Цинциннатидегі АТР 1000 жарысында Новак Джокович мансабындағы 39-шы Masters турнирін жеңіп, өз рекордын өзі жаңартты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

