Новак Джокович АҚШ-та Лионель Мессимен кездесті
25.08.2023 18:41
Фото:
twitter.com/Jorge__Mas
«Үлкен дулыға» турнирінің 23 дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы сербиялық теннисші Новак Джокович АҚШ-та «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессимен және америкалық клубтың тең иесі Хорхе Маспен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Керемет түн, - деп жазды Мас өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Джокович харт төсеніште өткен Цинциннатидегі «Мастерс» турнирінде жеңімпаз атанып, қазір АҚШ-тың Ашық біріншілігіне дайындалып жатыр.
US Open-нің алғашқы айналымында Джокович Франция өкілі Александр Мюллермен кездеседі.
US Open-нің ерлер арасындағы сыны 28 тамыз бен 10 қыркүйек арасында өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

