Жаңалықтар

Нөсер жауынның салдарынан 22 адам көз жұмды

Нөсер жауынның салдарынан 22 адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 11.07.2024 15:28 588

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеште нөсер жаңбырдың салдарынан кем дегенде 22 адам көз жұмған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үздіксіз жаңбырдан өзендердегі су деңгейі көтеріліп, 12 округіндегі 600-ден астам ауыл су астында қалды.

Су тасқыны мың гектардан астам ауылшаруашылық жерін шайып, 800 мыңға жуық адамға зардабын тигізді. Төтенше көмек көрсету топтары мен құтқарушылар 10 мыңнан астам адамды қауіпсіз орындарға ауыстырды.

Елдің солтүстік-шығысында орналасқан Ассам штатындағы су тасқынынан басқа, муссондық жаңбыр Үндістанның көптеген штататында батпақты көбейтіп, су тасқынын тудырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға