Жаңалықтар

Норвегияның Ставангер қаласында Наурыз мейрамы тойланды

Норвегияның Ставангер қаласында Наурыз мейрамы тойланды
Фото: gov.kz 30.03.2023 18:50 847

«NorKaz» ұйымы мен Қазақстан Республикасының Норвегиядағы Елшілігі Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап.

Іс-шара барысында өткен мәдени бағдарлама қазақстандық музыкалық шығармалар мен билерді, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы викториналарды, сондай-ақ спорт ойындары және т.б. қамтыды. Сонымен қатар қатысушыларға қазақ ұлттық тағамдары, оның ішінде Наурыз көже ұсынылды.

Іс-шара барысында Елші Әділ Тұрсынов және «NorKaz» ұйымының жетекшілері Бағытжан Калиев пен Лайла Мукушева сөз сөйледі.

Норвегияның «мұнай астанасы» атанған Ставангер қаласында шамамен 100-ге жуық отандастар тұрады. Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға