Норвегия гендерлік теңдікті орнатуға қомақты қаражат бөледі

Норвегия әлемде гендерлік теңдікті ілгерілету үшін 400 миллион крон бөледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
The Local басылымының хабарлауынша, Норвегияның Сыртқы істер министрлігі әйелдердің құқықтарын кеңейту мен қорғауға бағытталған халықаралық бағдарламаларға 400 миллион крон бөлмек.
Біз әйелдер құқықтарының бұзылуын – Угандадан бастап АҚШ-қа дейін – алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Гендерлік теңдікті қолдау бүгінде бұрынғыдан да маңызды, – деді Норвегияның халықаралық даму жөніндегі министрі Осмунд Аукруст.
Бұл қаржыны бес норвегиялық ұйым алады. Бөлінген қаражат мына мақсаттарға жұмсалады:
гендерлік зорлық-зомбылықпен күреске;
репродуктивтік құқықтарды қорғауға;
әйелдердің саяси және экономикалық өмірге қатысуын арттыруға.
