ҰОК

Нора Джеруто әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Нора Джеруто Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында бақ сынып, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Еске салсақ, спортшы 3000 метр қашықтыққа тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Финалдық сайыста Қазақстан құрамасының мүшесі Джеруто алдыңғы топта келе жатты. Соңғы айналымда қола жүлде үшін таласты. Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, алтыншы болып мәре сызығын кесті - 9:06.34.

Кениялық Фейт Черотич жеңіске жетті - 8:51.59. Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви екінші орынға табан тіреді - 8:56.46. Үздік үштікті эфиопиялық Сембо Алмаю түйіндеді - 8:58.86.