Жаңалықтар

"Nomad run" ультрамарафоншылары Астанадан Ақтауға дейін жүгіріп келді

"Nomad run" ультрамарафоншылары Астанадан Ақтауға дейін жүгіріп келді
Фото: МО ОКҚ 27.05.2023 12:49 1402

Астана қаласынан бір ай бұрын жолға шыққан марафоншылар Ақтауға дейін 8 мың шақырымды жүгіріп өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Nomad run» жобасы аясында ультрамарафон 25 сәуірде Астана қаласында басталған еді. Бес адамнан құралған команда бір ай ішінде Қазақстанның 18 қаласын 100-ден аса елді-мекенін жүгіріп шықты. 

«NOMAD RUN» - иделогиялық жоба. Біз үлкен қашықтыққа жүгіру арқылы халық арасында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттауды көздедік. Өзімнің жасым 55-те. 30 жылдан астам уақыт спортпен ұдайы шұғылданамын. Меккеге де жаяу жүгіріп барғанмын. Маған еліміздің барлық қалаларын жүгіріп өту жөнінде ұсыныс түскенде бірден келістім. Себебі халық арасында ультрамарафон ұғымын мығым қалыптастыруды және ішкі туризмді дамытуды көздедім. Ультрамарафон дегеніміз - ұзақ қашықтыққа жүгіру. Елордадан бастап, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау қаласына аялдап, бүгін Ақтау қаласына жүгіріп жеттік, - деді қатысушы Меңдібай Әлімбаев. 

Марафоншылар Ақтауда жетіп, мәре сызығын кесіп өтті.  Осылайша Қазақстанның «Гиннестер кітабына» еліміздегі алғаш үлкен қашықтықта жүгіріп өткендер ретінде енді. 33 пен 55 жас аралығындағы команда мүшелері мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта Ақтау қаласынан Мекке дейін жүгіріп баруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға