Жаңалықтар

Нобель сыйлығы иегерлерінің дәрістерін ұсынамыз

Назарларыңызға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Нобель сыйлығы иегерлерінің оқыған дәрістерін ұсынамыз.
23.02.2015 06:51 5794

Нобель сыйлығы иегерлерінің дәрістерін ұсынамыз

Назарларыңызға Нобель сыйлығы иегерлерінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрістерін ұсынамыз. Олар сізге ойын теориясы, экономикалық саясат, ғарыштану мен астрофизика туралы баяндап береді.

Эрик Маскин - Гарвард жанындағы Адамс Унивеситетінің профессоры болып табылады. Ол Нобель сыйлығын 2007 жылы экономика саласында (Л. Гурвиц және Р. Майерсонмен бірге) оңтайлы тетіктердің негізгі теориясын жасағаны үшін алды. Ол сондай-ақ ойындар теориясына, келісім-шарттар теориясына, қоғамдық тандау теориясына, саяси экономикаға және экономиканың өзге салаларына өз үлесін тигізді.

Гарвард унивеситетінде бакалавр және ғылым докторы дәрежесін алды, сондай-ақ Кембридж университеті жанындағы Иисус Колледжінде доктор қызметшісі ретінде жұмыс істеді. 1977 - 1984 жж аралығында Массачус Тенхнологиялық Институтында, Гарвард университетінде 1985 - 2000 жылдар аралығында, сондай-ақ Первпективалы зерттеулер институтында 2000 - 2011 жылдар аралығында мұғалім болды. Гарвардқа 2012 жылы қайта оралды.

Эрик Маскин тетіктерді конструкциялау теориясы бойынша танымал болды, бұл еңбегі үшін 2007 жылы экономика саласында Нобель сыйлығын алды. Сондай-ақ экономиканың өзге салаларында үлесі зор болды, атап айтқанда оындар теориясы, зияткерлік меншік құқықтарын және саяси экономиканы зерттеу.

Финн Кидланд - Норвегияда көпбалалы фермер отбасында дүниеге келген. 1968 жылы норвегиялық мектептің ауылшаруашылық басқару және экономика бакалаврында көзге көрініп, сол жерде докторлық дәрежесін қорғады. 1973 жылы Карнеги-Меллона (АҚШ, Пенсильвания штаты) университетінде, 1976 жылы Карнеги университетінде профессорлық атақ алды, Санта-Барбара университеті мен танымал Тепперада бизнес мектебінде сабақ берді. 2004 жылы Ф.Кидланд Э.Прескотпен "экономикалық саясат пен макроэкономикалық қозғалыс келісімін үйлестіру" мақсатында экономика саласынан Нобель сыйлығына үйлесімді жұмыс жасады.

Мұхаммад Жүніс – микроқаржышы, Бангладеш қоғам қайраткері. 30-жылдан астам бұрын Жүніс туған елінде барлығы 27 доллар ақшаны ондаған кедей құрастырушы, жаңа нәрсе ойлап тапқандарға қарыз ақша берген. Бұл оның микроқаржыландыру арқылы кедейлікпен күреске арналған өмірінің басы еді. Осы еңбегі үшін 2006 жылы Нобель сыйлығының иегері атанады. Осы уақытқа дейін оның әлемнің 100-ден астам елдерінде істейтін Грамиин Банкі $7 миллиардтай қаржыны 7 миллионнан астам адамдарға, 97 пайызы әйелдер, берген. Бұл соманың 98 пайызы кері қайтарылған. 2008 жылы ForeignPolicy.com торбетінің сауалнамасына сәйкес ол Әлемнің ең танымал 20 оқымыстылары тізіміне кірген.

Джордж Фицджеральд Смут үшінші америкалық астрофизик және ғарыштанушы  1945 жылы 20 ақпанда Флорида штатының Юкон қаласында дүниеге келген. Берклидегі Калифорния университетінің физика саласы бойынша профессоры. Оның еңбектері үлкен сілкініс әкелген. Физика саласы бойынша 2006 жылы Нобель сыйлығын иеленген.

Айгүл ШЕРНИЯЗОВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға