Ninety One тобының қатысушысы алғашқы бейнебаянын жарыққа шығарды
14.08.2024 09:55
Фото:
instagram.com/acetagrammy
Ninety One тобының мүшесі ACE «Okpeleme» әніне бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 тамыз күні әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында бұл туынды оның жеке альбомына енетінін алға тартты.
Ол жанкүйерлеріне алғыс айтып, бейнебаяннан ләззат алуға шақырды.
Бұл жобада мен өз жолымды бастадым және сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды. Әрбір пікір, әрбір сөз мені алға ұмтылуға ынталандырады.
Осы жолда менімен бірге болғандарыңыз үшін мың алғыс. Сіздердің қолдауларыңыз менің еңбегімнің мағыналы болуына ықпал етеді және мені музыка жасауға шабыттандырады.
Иглздардың маған деген сенімі үшін және әрдайым қасымда болғандары үшін шексіз ризамын, - деді ол.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

