Никола Пашинян: Армения Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды
Фото: ©AP/Vladimir VORONIN
Фото: ©AP/Vladimir VORONIN
18.04.2023 16:33
1661
Армения Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайды. Бұл туралы Премьер-Министр Никол Пашинян Парламентте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен қазір Армения Республикасы Әзербайжанның аумақтық тұтастығын толық мойындайтынын, тиісінше Әзербайжан мемлекеті де Армян КСР-нің бүкіл аумағын Армения Республикасы ретінде мойындайды деп күтетінімді растағым келеді, - деді Пашинян.
Оның айтуынша, егер екі ел де бір-бірінің аумақтық тұтастығын мойындаса және бір-біріне аумақтық талаптар қоймауға міндеттесе, Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбіт келісім шындыққа айналады.
Айта кетейік, 12 сәуірде Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыстар болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Вайнер Мейіржан Төребаев үйқамақта немен айналысып жүр?