Жексенбіде Нигерияның оңтүстік-батысындағы Лагос штатында автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 20 адам қаза тапты. Бұл туралы "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лагос көлік басқармасының өкілі оқиға таңертең Мово қалашығындағы жолда болғанын мәлімдеді. Жүргізушіні қосқанда 20 адамнан тұратын автобус кенеттен құм мен топырақ тиелген жүк көлігіне соқтығысқан. Автобустағы барлық адам қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ.
Шенеуніктің айтуынша, апаттың себебі жылдамдықты арттыру болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

