Жаңалықтар

Нигерияда оқушыларды ұрлаған қаскөйлермен келіссөздер басталды

Нигерияда оқушыларды ұрлаған қаскөйлермен келіссөздер басталды
Фото: punchng.com 09.03.2024 16:36 989

Нигерия билігі кем дегенде 287 оқушы мен мұғалімді ұрлап кеткен қаскөйлермен келіссөздер жүргізуді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейсенбі күні Daily Post басылымы Нигерияның орталық Кадуна штатында 200-ден астам оқушы ұрланғаны туралы мәлімдеген. Қаскөйлер мектепке велосипедтермен келіп атыс ұйымдастырған.  Нигерия президенті Бола Тинубу қауіпсіздік қызметтеріне ұрланған адамдарды құтқару бойынша операция жүргізуді тапсырды.

Кемінде 287 оқушы мен мұғалімді босату бойынша келіссөздер басталды, - деп жазды Punch басылымы.

Газеттің мәліметінше, нигериялық әскерилер балаларды жақын маңдағы ормандардан іздестіріп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға